Астана. 13 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдап, Палатаның заң шығару қызметінің барысы туралы есеп тыңдады. Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар Президент Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды заңнамалық тұрғыдан сапалы жүзеге асыруға баса назар аударып отыр. Биылғы жылы 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, ал Мәжілісте 77 заң жобасы қаралуда. Жыл соңына дейін Құрылыс және Цифрлық кодекстер, сондай-ақ «Банк қызметі туралы» заң қабылданбақ. Сонымен қатар сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және креативті индустрияны дамыту бағыттарында жаңа бастамалар әзірленіп жатыр. Заң шығару процесі қоғам мен сарапшылардың қатысуымен ашық түрде жүргізілуде. Мәжіліс Төрағасы депутаттардың жасанды интеллект туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдағанын айтты. Сондай-ақ Ақтауда өткен мұнай-газ машина жасау форумы кезінде қазақстандық үлесті арттыру жөнінде шешім қабылданғанын хабарлады. Кездесуде парламенттік дипломатия саласындағы жұмыс нәтижелері де талқыланды. Мәжіліс депутаттары ТүркПА, ТМД және ҰҚШҰ сияқты халықаралық алаңдарда белсенді қызмет атқарып келеді.
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Автор
Асан Джалилов
Автор:
Асан Джалилов 14 просмотры
14