Қазақстан Халық Кеңесінің құрамында Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитеті құрылып, оның құрамына 43 адам енді. Комитет төрағасы болып қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Марат Әзілханов тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары қызметін Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі Ғалым Шойкин және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Али …
Этностар
Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының алғашқы отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Кеңестің бірінші сессиясында белгілеген стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланып, тұрақты комитеттер мен Әдеп жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді. Отырысты ашқан Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің алдына қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға …
24 қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, жаңа институттың негізгі міндеттері мен алдағы жұмыс бағыттарын айқындады. Сондай-ақ Кеңестің басшылық құрамы жасақталып, Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Президент Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын ел үшін маңызды оқиға …
Қазақстанда жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жасақталып, алғашқы ұйымдастырушылық отырысы өтті. Кеңес құрамына 126 адам енді. 23 қыркүйекте оның төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Қазақстан Конституциясында Халық Кеңесі халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде белгіленген. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қыркүйекте бекітті. …
Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Князь Ибрагимұлы Мирзоевтың өмірден өткеніне бүгін бес жыл толып отыр. Оның ғылымға, әдебиетке, ұлтаралық татулық пен рухани сабақтастыққа арнаған ғибратты ғұмыры ел жадында сақталып келеді. Кей тұлғалардың өмірден озғанына жылдар өтсе де, олардың артында қалдырған ізі уақыт өткен сайын …
Шымкентте «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігі Конституция күніне арналған кездесу өткізді
Шымкент қаласында Конституция күні қарсаңында қалалық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен құқықтық-ағартушылық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігін дәріптеу және жастардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайту болды. Кездесуге этномәдени бірлестік мүшелері, белсенді жастар …
Астанада «Бірлік көпірі» мәдени-ағартушылық жобасы аясында жастар ұйымдарының өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін Қазақстан-неміс орталығына таныстыру экскурсиясы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ және «Қазақстандық немістердің «Возрождение» бірлестігі» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Экскурсия барысында қатысушылар орталықтың қызметімен, мәдени және білім беру …
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – түрлі этностардың бейбіт өмірі мен өзара сыйластығын айқындайтын ерекше дата. Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіреді. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос бір шаңырақ астында өмір сүріп, қоғамның дамуына …
Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Барбанг» күрділер қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жиын өтті. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі нормалары талқыланды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктің мүшелері, қоғам белсенділері және жастар өкілдері қатысып, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұны мен оның …
Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысы ұйымдастырылды. Кездесу «Жаңа Конституция – елдің стратегиялық даму бағыты» тақырыбына арналды. Жиын барысында қатысушылар конституциялық реформаларды қоғамға түсіндіруде медиа өкілдерінің рөлі мен қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Отырысқа этномәдени бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және өңірлік …