Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» композициясы Польшадағы Radio Olsztyn радиосының хит-парадында 52 апта бойы бірінші орынды сақтап, ерекше рекорд орнатты.
Ән бір жылға жуық уақыт бойы рейтингтің ең жоғарғы сатысында тұрақтап, тек бір апта ғана екінші орынға түсіп, кейін қайта көшбасшылыққа оралған. Бұл көрсеткіш шығарманың ұзақ уақыт бойы жоғары сұранысқа ие болғанын аңғартады.
Музыкалық чарт архивінде композиция «Bez zmian. 52 tydzień na liście» деген белгімен тіркелген. Аудармасы – «Өзгеріссіз. Тізімдегі 52-апта». Бұл әннің үздік позицияда рекордтық мерзім бойы тұрғанын нақты дәлелдейді.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай нәтиже тек әннің сапасымен ғана емес, сонымен қатар шетелдік тыңдармандардың, әсіресе польша аудиториясының ерекше қолдауымен байланысты.
Осылайша, қазақстандық өнерпаздың туындысы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, әлемдік музыкалық кеңістіктегі жетістігін тағы бір мәрте дәлелдеді.