Орал. 10 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Қазақтың классик ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлідің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр» ғылыми-қоғамдық журналының алғашқы саны оқырманға жол тартты. Журналдың тұңғыш саны Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау сөзімен ашылған. Басылымда ақынның шығармашылығына арналған ғылыми мақалалар, әдебиеттанушылардың зерттеу еңбектері мен естеліктер топтастырылған. Журналдың электрондық нұсқасын Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының kadyrcenter.bkogov.kz ресми сайтынан оқуға болады.
9