Күрд-езидтер Лалеш ғибадатханасында ұлттық киім мерекесін атап өтті

Автор Асан Джалилов

Алматы. 3 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Ирак құрамындағы Күрдістан автономиялық өңірінде күрд-езидтердің ұлттық киіміне арналған көркем фестиваль өтті. Мереке езидтердің басты киелі орны – Лалеш ғибадатханасында ұйымдастырылып, осы күні әр елден келген жүздеген зияратшы мен қонақ бас қосты.

Шараға автономиялық өңірдің әр ауданынан келген және Сирия, Армения, Ресей, Грузия, Түркиядағы курд-езид қауымының өкілдері бар 150-ден астам қатысушы жиналды. Лалештің ауласы мен айналасы ұлттық әуендерге толып, ән мен би шырқалып, дәстүрлі киімдер көрсетілді – бұл халықтың ғасырлар бойғы салт-дәстүрі мен рухани жадын айшықтады. Фестивальдің өзегі – күрд-езидтердің әр елдегі ұлттық кимі үлгілерінің алуан түрлілігі. Әйелдер зерлі кесте мен өрнекке бай көйлектер, ашық түсті шәлілер мен тиын, моншақтармен көмкерілген бас киімдер киді. Ерлер дәстүрлі жилет, белдік және айрықша бас киімдермен шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көне өрнек пен заманауи безендірудің үйлесімі ұрпақтар сабақтастығын және дәстүрдің өміршеңдігін көрсетеді. Киелі бастаулардың жанында діни рәсімдер өтіп, қатысушылар ата-баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Қолөнер шеберлері ашық сұхбаттар өткізіп, ою-өрнек символикасы мен элементтердің мәнін түсіндірді. Ерекше әсер қалдырған сәт – аға буын шебер аналардың жас қыздарға ұлттық тігін өнерінің қыр-сырын үйретуі. Қатысушылардың бағалауынша, Лалештегі фестиваль мәдени шарадан да кең мағынаға ие болды: ол күрд халқының бірлігін және қауымының мақтанышын айқын көрсетті. Тарих сынынан өтсе де, күрд-езидтердің мәдениеті мен сенімі өміршең екенін дәлелдеп, жас ұрпақты ұлттық — рухани мұрасын сақтау мен дамытуға жігерлендірді.

Комментарии