Марат Әзілханов күрд этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті

Автор Асан Джалилов
4 просмотры

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан күрдтерінің Республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Азиз Алиевпен, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Сартиф Алиевпен
және Жамбыл облыстық күрд мәдени орталығының төрағасы Сабри Сүлеймановпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы ұйым қызметінің қорытындылары, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА-ның XXXIV сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы және күрд этносы мәдениетін қолдау бағытындағы жаңа бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды дамыту, жастарды қоғамдық өмірге тарту, этномәдени бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Марат Әзілханов этносаралық келісімді, қоғамдық татулықты және мәдени әртүрлілікті сақтау ісінде этномәдени бірлестіктердің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Кездесу жылы әрі іскерлік рухта өтіп, тараптар бірлік пен келісім құндылықтарын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.

Комментарии