1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – түрлі этностардың бейбіт өмірі мен өзара сыйластығын айқындайтын ерекше дата.
Қазақстан халқының бірлігі күні елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіреді. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос бір шаңырақ астында өмір сүріп, қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді.
Еліміздегі тұрақтылық пен келісім – ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзара сенімнің нәтижесі. Әрбір азамат өз тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін сақтай отырып, елдің дамуына еркін үлес қоса алады.
Бейбіт өмір мен татулық – Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Осы құндылықтардың арқасында еліміз әлеуметтік және экономикалық тұрғыда тұрақты дамып келеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайтып, ортақ болашаққа деген жауапкершілікті арттырады. Бұл мереке – ел бірлігінің, берекенің және ынтымақтастықтың символы.
Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, келісім мен амандық тілейміз. Еліміз әрқашан бірлігі бекем, болашағы жарқын мемлекет болып қала берсін.
Рафик МИРЗОЕВ,
«Барбанг» республикалық күрдтер қауымдастығының басқарма Кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері