«30 қайырымды іс»: Шымкенттегі «Барбанг» қауымдастығы балаларға қамқорлық көрсетті

Автор Асан Джалилов
4 просмотры

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» жалпыұлттық жобасы аясында игі іс-шара өтті. Іс-шараны Республикалық «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды.

Шара барысында қаладағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» қажетті тұрмыстық заттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұл бастаманың мақсаты — балаларға қамқорлық көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау білдіру және мейірім мен ізгілікті дәріптеу.

«Барбанг» қауымдастығының өкілдері мұндай іс-шаралар арқылы қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды, ұлттық бірлік пен өзара қолдау құндылықтарын насихаттауды көздеп отыр.

Комментарии