4
Алматы. 1 қазан 2025 жыл. Barbang Info. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық форумының аясында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.
Кездесу барысында білім беру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері сөз болды. Президент Telegram-ның Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Компания Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушысы мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, Қазақстанда өз кеңсесін ашып, AIem.AI орталығы аясында жасанды интеллект зертханасын іске қосты.