25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.
Осы қаралы күні «Барбанг» күрд этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Barbang.info интернет-порталы және «Jiyana Kurd» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Адам өмірінің қиылуы – орны толмас қаза. Осындай ауыр сәтте қайғы жұтқан отбасылардың қайғысына ортақтасып, оларға сабыр мен төзім тілейміз. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына аман оралуына тілектестігімізді білдіреміз.
Жалпыұлттық аза тұту күні – бүкіл елдің қайғы алдында бірігіп, өзара жанашырлық пен қолдау танытатын күні. Біз де Қазақстан халқымен бірге аза тұтып, қаза болған азаматтардың рухына тағзым етеміз.
Қайғы жұтқан отбасыларға күш-қуат пен сабыр берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
«Барбанг» күрд этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Jiyana Kurd» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы
Barbang.info интернет-порталының редакциясы