Алғыс айту күні – ризашылық пен бірліктің мерекесі

Автор Асан Джалилов
89 просмотры

Құрметті отандастар!

Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» республикалық қауымдастығы атынан баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күн – ризашылық пен мейірімнің, татулық пен бірліктің айрықша мерекесі. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға, жанымызда қолдау білдіретін жақындарымыз бар екеніне шүкіршілік етейік. Қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністік – тұрақтылық пен дамудың берік негізі.

Әрқайсымыз жүрегімізден шыққан жылы сөзімізді айтып, айналамызға жақсылық сыйлайық. Себебі алғыс бар жерде береке бар, ал бірлік бар жерде болашақ нық болады.

Баршаңызға амандық, қуаныш пен шаттық тілеймін. Алғысымыз мол болсын!

Ізгі ниетпен,

Алиев Азиз Зияұлы,

Қазақстан Күрдтері «БАРБАНГ» Республикалық қауымдастығының төрағасы