Тұрғын үйдегі үлесі бар азаматтарға да жеңілдетілген ипотека жолы ашылады

Автор Асан Джалилов
44 просмотры

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты маңызды жаңалық енгізілмек. Енді тұрғын үйде белгілі бір үлесі бар адамдар да мемлекет қолдауына үміт арта алады. «Отбасы банк» мәліметінше, бұл өзгеріс кезекте тұрған азаматтарға жеңілдетілген ипотека рәсімдеу немесе жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігін береді.

Бұған дейін талап қатаң еді: азамат кезекте тұрғанымен, егер оның атына тұрғын үйде тіпті шағын үлес рәсімделген болса, мемлекеттік қолдау көрсету тоқтатылатын. Яғни жеңілдетілген ипотека да берілмей, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі шектелетін.

Жаңа тәсіл әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталған. Себебі кейбір азаматтардың баспананың толық иесі болмағанымен, түрлі себеппен үлесі бар болуы мүмкін. Бұл – өмірлік жағдайға байланысты туындаған мәселе ретінде қарастырылып, енді ол адамдарға қолдау тетіктері қайтадан қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, аталған өзгеріс әзірге заң деңгейінде толық бекітілмеген. Дегенмен бұл мүмкіндік 2026 жылдың ақпан айынан бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Комментарии