Астанада өткен «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі еліміздің талантты балаларын бір алаңға жинады

Автор Асан Джалилов
4 просмотры

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай елордада Республикалық балалар мен жасөспірімдердің «Бірлігіміз жарасқан!» шығармашылық фестивалі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович қатысып, жас өнерпаздарға қолдау білдірді.

Фестивальді Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы полиэтникалық Қазақстанның мәдени байлығын сақтау, ұлттарға ортақ өнерді кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырып келеді. Биылғы шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген 400-ден астам жас талант қатысты.

Өнер додасында балалар мен жасөспірімдер хореография, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, вокал, медиа және мобилография секілді номинациялар бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір қойылым фестивальдің мазмұнын байытып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Фестивальдің қорытындысы Ғазиза Рахмадиева атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында жарияланып, үздік өнер көрсеткен қатысушылар салтанатты түрде марапатталды.

Комментарии