Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Мәміле» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – көшбасшы жастар» атты дебат турнирі өз мәресіне жетті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру. Сонымен қатар пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру, шешендік пен сыни ойлау дағдыларын жетілдіру көзделді.
Финалдық кезеңде қатысушылар ел дамуы, ұлттық бірлік және қоғамдағы жастардың рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.
Тартысты дода нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
🥇 «Достық» командасы – І орын,
🥈 «Барбанг» командасы – ІІ орын,
🥉 «Қазақ үні» командасы – ІІІ орын.
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Қазақстан күрдтері «Барбанг» қауымдастығының Шымкент қалалық филиалының жастары турнирде жоғары дайындық пен көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті.