Талдықорған. 2025 жылғы 24 қазан. Barbang Info – 22–24 қазан аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған кең көлемді этнокөрме өтті. Көрме экспозицияларында еліміздегі түрлі этностардың бай мәдени мұрасы, ұлттық киімдері, қолөнері мен дәстүрлері таныстырылды. Іс-шараға Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығының Жетісу облыстық филиалы белсене қатысты. Филиалды Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Руслан Хосен-Оглы басқарады. Күрд этносы өкілдерінің қатысуы — еліміздегі этностар арасындағы диалог пен мәдени өзара ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтық бірлікті бекемдеуге бағытталған маңызды қадам болды.

