Бірлік пен даму – басты тақырып

Автор Асан Джалилов
11 просмотры

Алматы. 20 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен «Бірліктің қуаты: диалог, даму, мемлекеттің өркендеуі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия оқушылары хорының орындауындағы «Қазақстан — егемен елім» әнімен ашылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың тиімді жолдарын талқылау және болашаққа бағытталған ұсыныстарды қарастыру болды.

Отырыста этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым мүшелері, сондай-ақ жастар ұйымдарының белсенділері сөз сөйледі. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы №33 орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде еліміздің тарихы, мәдениеті, тәуелсіздігі мен жетістіктеріне қатысты құжаттар, кітаптар және архивтік материалдар қойылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында Қазақстан күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығы басқарма мүшелері – медиация саласының жетекшісі Сартиф Алиев, әйелдер кеңесінің белсендісі Галина Моло-Оглы және жастар қанатының мүшесі Злиха Асабай бар.

Бұл марапат олардың қоғамдық келісім мен этносаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.

Комментарии