Астана. 16 қыркүйек 2025 жыл. Barbang Info – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Академиясының модульдік оқыту бағдарламасының ашылуына орай этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиында этносаралық қатынастар саласындағы заманауи үрдістер, Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді ақпараттық тұрғыда түсіндіру жолдары, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін тәуекелдердің алдын алуда медиа құрылымдардың маңызы жан-жақты қарастырылды. Марат Әзілханов ақпаратты объективті әрі кәсіби тұрғыда жеткізудің, қоғамдық келісім мен өзара сенімді нығайтудың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік пен татулық идеяларын дәріптеудегі БАҚ-тың ерекше миссиясын атап өтті.
Марат Әзілханов этникалық БАҚ жетекшілерімен маңызды кездесу өткізді
Автор
Асан Джалилов
Автор:
Асан Джалилов 11 просмотры
11