Адамның көру қабілетін қалпына келтіруге бола ма?

Автор Бакыт Кулманов

Америкалық кәсіпкер Илон Маск өзінің Neuralink компаниясы 2026 жылы ерекше операция жасап, толық соқыр адамның көру қабілетін қалпына келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады.

«Келесі жылы толықтай соқыр адамның көруін (жартылай) қалпына келтіруді көздеп отырмыз», — деп жазды Маск.

Илон Масктың бұл пікірі компанияның Канадада екі ота жасағаны жөніндегі хабарламадан кейін жарияланды. Айта кетейік, бұл — АҚШ аумағынан тыс жерде жасалған алғашқы операциялар.

Комментарии