Barbang.info
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Әлем
  • Спорт
  • Ғылым
  • Мәдениет
  • ҚХА
  • Тілді таңдаңыз
    • Қазақ
    • Русский
    • Kurdî
Barbang.info
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Әлем
  • Спорт
  • Ғылым
  • Мәдениет
  • ҚХА
  • Тілді таңдаңыз
    • Қазақ
    • Русский
    • Kurdî
Barbang.info
Barbang.info
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Әлем
  • Спорт
  • Ғылым
  • Мәдениет
  • ҚХА
  • Тілді таңдаңыз
    • Қазақ
    • Русский
    • Kurdî
©2025 - barbang.info
Әлем

«Азғындықтың айлағы»

Автор Бакыт Кулманов 20/08/2025
Автор: Бакыт Кулманов 20/08/2025 47 просмотры
Знаменитые подводные статуи Байи / коллаж УНИАН, фото wikimedia.org
47

Италиядағы Неаполь шығанағында орналасқан аңызға айналған Байя қаласында археологтар ежелгі Рим дәуірінен сақталған ерекше моншаны анықтады. Зерттеушілер бұл нысан әйгілі шешен әрі саясаткер Марк Туллий Цицеронның жеке вилласының бір бөлігі болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Монша 2023 жылы анықталғанымен, археологтар тек қазір ғана оны толықтай құжаттап үлгерді. Нысанның ерекшелігі – римдіктер ойлап тапқан суспензура жүйесі, яғни қыздырылған ауа еденнің астымен және қабырғалар арқылы өтіп, бөлмені жылытуға арналған құрылым. Моншадағы мозаикалық еденнің тамаша сақталғаны және шағын кірпіш тіреулердің әлі де орнында тұруы – бұл нысанның тарихи құндылығын еселей түседі. Археологтардың пайымынша, бұл құрылым лаконикум – рим ақсүйектері пайдаланған монша-саунаның бір түрі болуы мүмкін.

Байя қаласы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап Рим элитасы үшін ең сәнді курортқа айналған. Шипалы күкіртті бұлақтарымен танымал бұл жер саясаткерлер мен қолбасшылардың сүйікті орны болды. Тарихта Гай Марий, Лукулл, Юлий Цезарь, Август, Нерон сынды билік иелері дәл осы қалада демалған. Император Адриан да өмірінің соңғы күндерін осы қалада өткізген. Рим ақыны Секст Проперций Байяны «шығын мен сән-салтанаттың символы» және «азғындықтың айлағы» деп атағаны тегін емес.

Антикалық дереккөздерде Цицеронның Байяда вилласы болғаны айтылған. Егер табылған монша сол виллаға тиесілі екені дәлелденсе, бұл ежелгі Рим тарихындағы аса ірі археологиялық жаңалық болмақ. Себебі, бұл табыс Римнің ең көрнекті тұлғаларының бірімен тікелей байланысы бар нақты архитектуралық құрылымды білдіреді.

Моншаның ішкі қабырғаларында ежелгі суреттердің фрагменттері әлі де көрініп тұр. Бұл көркемдік элементтер нысан иесінің жоғары мәртебесін дәлелдейді. Сондай-ақ, археологтар табылған қыш ыдыстарды зерттеу арқылы моншаның нақты салынған уақытын, пайдаланылу мақсатын және оның құлдырауына не себеп болғанын анықтауға тырысуда.

Байя тек саяси және мәдени мәнге ие қала ғана емес, сонымен қатар геологиялық тұрғыдан да ерекше нысан. Жер қыртысының шөгуі нәтижесінде қала XVI–XVIII ғасырлар аралығында теңіз астына кеткен. Алайда XX ғасырдың басында су астындағы қалдықтар қайтадан табыла бастады. 1920-жылдары мұнда мүсіндер мен басқа да архитектуралық элементтер толық күйінде табылып, бұл жаңалық сол кездегі Италия басшысы Бенито Муссолиниге үлкен әсер етіп, ол тіпті Неаполь шығанағын құрғату туралы ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда бұл қала — әлемдегі ең ірі суасты археологиялық парктердің бірі. Туристер Байяның көшелерін, сарайларын және мүсіндерін су астында арнайы қайықтармен немесе сүңгуір жабдықтары арқылы тамашалай алады.

БайяИталиямонша
0 комментарии 0 FacebookTwitterPinterestVKOdnoklassnikiWhatsappTelegramSkypeThreads

Қойдың терісін жамылған күдіктілер

Әлемдегі ең қонақжай қалалар анықталды: жаңа рейтинг жарияланды

Өзбекстанда көп кітап оқыған шенеуніктер ақшалай ынталандырылады

Қазақстан өз мәртебесін күшейтеді

Қазақстан Грузиядан автокөлік жеткізу бойынша көшбасшылар қатарына шықты

Жапония ядролық энергетикаға қайта бет бұрды: әлемдегі ең...

Иран президенті астананы Тегераннан көшіру қажет екенін мәлімдеді

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы атысты тоқтатуға қатысты...

Мексикада зорлық-зомбылыққа және үкімет саясатына қарсы жаппай наразылық...

Чилиде президенттік және парламенттік сайлау науқаны басталды

Комментарии Отменить ответ

Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для следующего комментария.

  • Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі артты

    13/03/2026
  • Мұғалімдер жұмысына жасанды интеллект енгізіледі

    12/03/2026
  • Қазақстанда тұтынушылық несие беру баяулады

    09/03/2026
  • Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде көш бастап тұр

    06/03/2026
  • Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салынады

    03/03/2026
  • Елімізде жаңа мектептер саны артады: 2026 жылы 90 білім ордасы салынады

    18/02/2026
  • Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігіне жаңа кепілдіктер енгізілді

    09/02/2026
  • Қазақстанда шетелдік студенттер саны 35 мыңнан асты

    04/02/2026
  • Жапония төрінде шыңдалған қазақ балуаны

    16/02/2026
  • Ішкі сауда айналымы 80 трлн теңгеге жетті

    19/02/2026

Barbang.info — это независимая интернет-газета курдов Казахстана, издающаяся в Алматы.

  • О проекте
  • Политика конфиденциальности
  • Правила использования материалов
  • Казахстан. Алматы
  • Тел: +7 775 453 64 25‬, +7 775 142 1496‬
  • Реклама: barbang.info@mail.ru
  • barbang.info@gmail.com

©2025 — barbang.info

Facebook Instagram Tiktok
Barbang.info
  • Общество
  • Политика
  • Экономика
  • Мир
  • Спорт
  • Наука
  • Культура
  • АНК
  • Выбрать язык
    • Русский
    • Қазақ
    • Kurdî