Азиз Алиев Қазақстан халқының бірлігі күнімен қазақстандықтарды құттықтады

Автор Асан Джалилов
93 просмотры

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара құрмет пен татулықтың айқын көрінісі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Біз үшін Қазақстан – қасиетті Отан, бірлігіміз бен болашағымыздың берік негізі. Еліміздегі тұрақтылық пен өзара түсіністік – қоғам дамуының басты тірегі. Достық пен келісімді сақтау, оны нығайту – баршамызға ортақ міндет.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Елімізде әрдайым бірлік, бейбітшілік пен татулық салтанат құрсын!

Құрметпен,
Азиз Алиев,
Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығының төрағасы