Су тасқынына дайындық бақылауда

Автор Бакыт Кулманов
42 просмотры

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, су басу қаупі бар аумақтардың жағдайын бағалады. Вице-премьер Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық нысандар мен елді мекендердің дайындығын тексерді.

Нұра өзені бойында Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауылдары қаралды. Сондай-ақ «Байқадам» және «Миньковская» бөгеттері мен Ащысу су қоймасының жай-күйі бағаланды.

Шерубай-Нұра өзені аумағында Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу және Шопа елді мекендері тексерілді. Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттеріне де назар аударылды.

Абай ауданында Южный, Құлаайғыр және Тасзаемка ауылдары, «Шерубай-Нұра» және «Жартас» су қоймалары зерделенді. Сонымен қатар Самарқанд су қоймасы гидроторабының жұмысы мен Чкалов ауылындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайы тексерілді.

Комментарии