«BARBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақты құру» атты дөңгелек үстел өтті

Автор Асан Джалилов
12 просмотры

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов «Барбанг» республикалық Қазақстан күрдтері қауымдастығының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырған «BARBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақты құру» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шараның мақсаты — күрд этносының мәдени дәстүрлерін сақтау, мәдениетаралық диалогты дамыту және этномәдени саладағы заманауи коммуникациялық алаңдарды қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.

Кездесуге қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы, этномәдени әралуандықты оң қабылдауды қалыптастырудағы және жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларына тартудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Барбанг» қауымдастығының қызметін, мәдени шараларды, білім беру мен әлеуметтік бастамаларды кеңінен насихаттайтын жаңа ақпараттық платформа — «BARBANG-INFO» ресми түрде таныстырылды.

Жаңа ақпараттық ресурс этносаралық келісім идеяларын ілгерілетуге, өзара түсіністі нығайтуға және қазақстандық этностар арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған.

Комментарии