7
Соңғы бес жылда Алматыда ЭКО арқылы 13 мыңнан астам сәби дүниеге келді, оның ішінде 5 мыңнан астамы – МӘМС есебінен. 2025 жылы бағдарламаға 2,2 млрд теңге бөлініп отыр.
ЭКО-ға қалай қатысуға болады?
- Өз емханаңызға жүгініңіз.
- Тексерістен өтіп, «бедеулік» диагнозын растаңыз.
- 12 ай ішінде құжаттарыңыз ЖТМҚ комиссиясына жолданады.
- Комиссия оң шешім қабылдаса – жолдама аласыз және клиниканы өзіңіз таңдайсыз.
Алматыдағы ЭКО жасайтын клиникалар
- «Persona» халықаралық орталығы
- «Нурай» ЭКО клиникасы
- «ЭКОМЕД» фирмасы
- «ЭКО орталығы»
- «Репродуктивті медицина институты»
- «Private clinic almaty»
- Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
Кімдер қатыса алады?
- Репродуктивті жастағы әйелдер (АМГ ≥ 1 нг/мл).
- Денсаулығы жалпы қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс.
- Рәсім ресми некедегі де, некесіз жұптарға да қолжетімді (екі жақтың келісімі қажет).