Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елордадағы көлік инфрақұрылымының жай-күйіне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, қалада сапалы әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қабылданған Астананың көлік жүйесін 2035 жылға дейін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әрі толық іске асырудың маңызын атап өтті. …
жаңалықтар
2026 жылдан бастап Қазақстанда микро және шағын бизнеске салық салу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Жаңа өзгерістер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қолданылатын шектерді арттыруды көздейді. Бұған дейін кәсіпкерлерден салық берешегі шамамен 6 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 26 мың теңгеден бастап өндіріліп келген. …
Президент: «Бәйтерек» холдингі экономиканың нақты секторын қолдауды күшейтуі тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесу барысында холдингтің биылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттері талқыланды. Президентке холдингті трансформациялау, сондай-ақ экономиканың стратегиялық бағыттарын қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, 2025 жылы «Бәйтерек» ел экономикасына жалпы көлемі 9 триллион …
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Грузиядан автокөлік импорттайтын ірі елдердің біріне айналды. Грузияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметіне сәйкес, осы кезеңде Қазақстанға 41,6 мың жеңіл автомобиль қайта экспортталған. Көліктердің жалпы құны 735 млн АҚШ долларын құрады. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға жоғары. Қазақстанға …
Жапония билігі әлемдегі ең ірі атом электр станциясын қайта іске қосу жөніндегі шешімді түбегейлі бекітті. Ниигата префектурасының заң шығарушы органы аймақтық дауыс беру нәтижесінде Касивадзаки–Карива атом электр станциясын қайта іске қосуды қолдаған губернатор Хидэе Ханадзумидің саясатын мақұлдады. Бұл шешім елдің энергетикалық стратегиясында маңызды бетбұрыс ретінде бағаланып отыр. Жапонияның солтүстік-батысында, Токиодан …
21 желтоқсанда Солтүстік жарты шарда қысқы күн тоқырауы орын алып, астрономиялық қыс ресми түрде басталады. Бұл күн — жыл ішіндегі ең қысқа күндізгі уақыт пен ең ұзақ түн тіркелетін ерекше астрономиялық кезең. Мамандардың мәліметінше, қысқы күн тоқырауы дүниежүзілік уақыт бойынша 15:03-те болады. Осы күні күндізгі жарықтың ұзақтығы аймаққа байланысты 6 …
Ұлытау облысы құрылғаннан кейін Жезқазған қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айқын өсім көрсетті. Соның ішінде қала бюджетінің көлемі мен инвестициялық белсенділік айтарлықтай артқан. 2025 жылы Жезқазғанның жалпы бюджеті 57,6 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда екі еседен астам ұлғайды. Ол кезде қаланың бюджеті 26,5 млрд теңгені құраған. Қаланың меншікті кірістері де …
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына бөлінетін қаражат 2026 жылы айтарлықтай ұлғаяды
2026 жылы «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артпақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешімге бағдарламаның биылғы жоғары нәтижелері мен тұрғын үй құрылысы көлемінің жоспардан асыра орындалуы негіз болған. Жыл басынан бері елде шамамен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға …
Қазақстанда телемедицина қарқыны күшейді: көрсетілген қызметтің 9 пайызы онлайн форматта
Қазақстанда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында телемедицина жүйесі қарқынды дамып келеді. Әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін бейінді мамандарға қол жеткізу мәселесі біртіндеп шешімін табуда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 11 айында елдегі медициналық ұйымдар 3,5 миллион қашықтан медициналық қызмет көрсеткен. Бұл жалпы медициналық көмектің 9 …
Қызылорда облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында сегіз жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл нысандар Шиелі ауданына қарасты бірнеше елді мекенде бұған дейін апатты деп танылған ескі ғимараттардың орнына тұрғызылған. Жаңа медициналық пункттер Бала би, Досбол би, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Тәжібаев, Тартоғай және Бестам ауылдарында …