Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегінің еліміздегі ең көне қолжазбасы Түркістан облысының Сауран өңірінен табылып, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды. Құнды жәдігер шамамен 1834 жылы жазылған деп болжануда. Бұл туралы «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, тарихи қолжазба саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен анықталған. Еркін …
жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында демографиялық ахуалы күрт төмендеген үш елді мекен ресми түрде таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 9 желтоқсанда өткен сессиясында қабылданған шешімге сүйене отырып хабарланды. Құжатқа сәйкес, Глубокое, Қатонқарағай және Үлкен Нарын аудандарындағы тұрғын саны 50 адамға да жетпейтін ауылдар көрші елді мекендер құрамына енгізілді. Глубокое ауданында таратылған Қарагужиха …
2025 жылы Қазақстанда балаларға көрсетілетін медициналық оңалту қызметінің қолжетімділігі айтарлықтай артты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 125 мың бала оңалту көмегін алған. Министрлік бұл көрсеткіштің «Қамқорлық» жобасы аясында еліміздің алты өңірінде жаңа ауданаралық оңалту орталықтарының ашылуымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Ақмола …
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында 14 мыңнан астам қазақстандық тегі, аты немесе әкесінің атына өзгеріс енгізген. Бұл көрсеткіш кейінгі жылдары азаматтар арасында жеке деректерді жаңартуға деген сұраныстың артқанын байқатады. Корпорация таратқан ақпаратқа сәйкес, аты-жөнін өзгерту бойынша алдыңғы қатарда тұрған аймақтар: Аты-жөнді өзгерту қызметі халықтың тұрмыстық, …
Қазақстан биыл Орталық Азия мемлекеттеріне астық экспортын едәуір ұлғайтты. Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚТЖ» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен өткен жедел кеңесте астық тасымалының қазіргі ахуалы мен өткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы 11 айында аймақ елдеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 миллион тоннаны құрап, өткен …
Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енгізілді. Бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық спортшы, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет. ҰОК таратқан ақпаратта Головкиннің әуесқой бокстағы алғашқы қадамдарынан бастап, XXI ғасырдағы орта салмақтың ең мықты чемпиондарының біріне айналған жолы ерекше атап өтіледі. Оның кәсіби мансабы әлемдік …
Қазақстанда жоғары білім саласындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижесінде ондаған жалған диплом анықталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 46 жалған құжат және оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс тіркелген. Министрлік бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, дипломдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы деректер базасының қалыптасқанын хабарлады. 1991 …
Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жас спортшысы Тамерлан Тілеулес қола жүлдегер атанды. Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыстың жартылай финалына дейін сенімді жетті. Шешуші кезеңде Тілеулес түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына жол берді. Нәтижесінде ол құрлықтық додада …
Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских жастар арасында борыштық жүктеменің артуына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының шағын несиелерді тым оңай және жылдам рәсімдеуі жастарды қарызға тәуелді ететін қауіпті тенденцияға айналып отыр. Сенатор жастардың көбіне агрессивті жарнаманың ықпалына түсіп, жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие алып жатқанын атап өтті. Алайда салалық агенттіктер …
Қазақстанның әйгілі философы, диалектикалық логика мектебінің негізін қалаушы, ұлт гуманитарлық ғылымының көрнекті өкілі Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 93 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі жазбасында жеткізді. Оның айтуынша, ғалым жақындарының қамқорлығымен Ыстамбұлда ем қабылдаған. Жерлеу рәсімі 5 желтоқсанда Астанадағы жаңа мешітте өтеді. Жабайхан Әбділдин – кеңестік …