Түркістан облысында агросаланы дамытуға шетелдік сарапшылар тартылуда

Автор Асан Джалилов
30 просмотры

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту мақсатында халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Осы бағытта өңірге Германиядан тәжірибелі инженер, SES сарапшысы Людвиг Вресманн шақырылып, жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде.

Жоба «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Сарапшы «Сапа 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында болып, аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға арналған заманауи әдістерді таныстырды.

Шетелдік маманның қатысуы өндірістік процестерді жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге және өнімділікті арттыруға бағытталған. Людвиг Вресманн ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибелермен бөлісіп, жергілікті мамандарға нақты практикалық ұсыныстар берді.

Бұл бастама өңірдегі агробизнес саласын халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылуда.

Сонымен қатар «Сапа 2002» кәсіпорны алдағы уақытта өндірісті әртараптандыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ет өңдеу және өсімдік майын өндіру бағыттарын дамыту үшін де шетелдік сарапшыларды тарту мүмкіндігі қарастырылуда.