Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты республикалық форум өтті. Іс-шараға Ассамблеяның өңірлік өкілдері, этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, жастар ұйымдары, ардагерлер мен волонтерлік қозғалыс өкілдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов форумның ашылуында мерейтойлық жыл аясында бүкіл ел бойынша …
Этностар
Астанада өткен «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі еліміздің талантты балаларын бір алаңға жинады
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай елордада Республикалық балалар мен жасөспірімдердің «Бірлігіміз жарасқан!» шығармашылық фестивалі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Дмитрий Останькович қатысып, жас өнерпаздарға қолдау білдірді. Фестивальді Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы полиэтникалық Қазақстанның мәдени байлығын сақтау, ұлттарға ортақ өнерді кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырып келеді. Биылғы …
Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Мәміле» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – көшбасшы жастар» атты дебат турнирі өз мәресіне жетті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру. Сонымен қатар пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру, шешендік …
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 5 қарашада №1081 Жарлыққа қол қойып, «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын» бекітті. Бұл тарихи құжат еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Елдің ішкі саясаты мен мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылын жаңаша деңгейге көтеруді мақсат еткен Жарлық қоғамның тұтастығы …
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан күрдтерінің республикалық «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Азиз Алиевтің қатысуымен этномәдени бірлестіктердің белсенділерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау, этносаралық қатынастарды дамыту және Ассамблея қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау болды. Іс-шарада Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы …
«30 қайырымды іс»: Шымкенттегі «Барбанг» қауымдастығы балаларға қамқорлық көрсетті
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» жалпыұлттық жобасы аясында игі іс-шара өтті. Іс-шараны Республикалық «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды. Шара барысында қаладағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» қажетті тұрмыстық заттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұл бастаманың мақсаты — балаларға қамқорлық көрсету, …
«Елдесу және татуласу»: Қасқабұлақ ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері тұрғындармен кездесті
Жамбыл облысының Қасқабұлақ ауылында Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Дүйсембайұлы Баймулдинов пен жергілікті тұрғындар арасында кездесу өтті. Бұл басқосу «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылып, онда ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы …
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан күрдтерінің Республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Азиз Алиевпен, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Сартиф Алиевпенжәне Жамбыл облыстық күрд мәдени орталығының төрағасы Сабри Сүлеймановпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясындағы ұйым қызметінің қорытындылары, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың …
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов «Барбанг» республикалық Қазақстан күрдтері қауымдастығының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырған «BARBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақты құру» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараның мақсаты — күрд этносының мәдени дәстүрлерін сақтау, мәдениетаралық диалогты дамыту және этномәдени саладағы …
Құрметті дөңгелек үстел қатысушылары! Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы жанындағы «Жийана Курд» газетінің редакция ұжымын жаңа нөмірдің жарық көруімен және басылым жұмысының жаңаруымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – Қазақстандағы күрд этносының және азаматтық қоғамның даму барысын кеңінен танытатын маңызды ақпарат көзі болмақ. Жобаның басталуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының …