Автотұрақ жеңілдігін қалай алуға болады?

Автор Бакыт Кулманов
3 просмотры

Алматыда 15 344 автокөлік иесі коммуналдық ақылы тұрақтарда жеңілдікпен қызмет алады, деп хабарлады «Алматы Паркинг» мекемесі.

Жеңілдіктер I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен отбасылардың мүшелеріне, сондай-ақ электромобильдер мен арнайы көлік иелеріне қарастырылған.

Қазір қалада 17 мыңнан астам коммуналдық тұрақ орны бар. Олардың санын 25 мыңға жеткізу, жеңілдік рәсімдеуді оңайлату және цифрлық қызметтерді дамыту жоспарланып отыр.

Еске салайық, 4 қазаннан бастап Алматыдағы ақылы тұрақтардың сағаттық тарифі орналасқан аумағына қарай 100, 150 және 200 теңге болып белгіленді.

Комментарии