Алтын құны жаңа деңгейге көтерілді

Автор Асан Джалилов
57 просмотры

Қаңтар айында бағалы металдар нарығында өсім қайта байқалып, Қазақстанда алтын бағасы айтарлықтай қымбаттады. Қазіргі таңда ел ішінде алтынның бір граммы 82 164,45 теңгеге бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш 2026 жылдың басындағы деңгеймен салыстырғанда едәуір жоғары, сол кезде бағалы металдың бір грамы 71 300,21 теңге болған.

Алтын бағасының өсуі тек ішкі нарықпен шектелмей, әлемдік деңгейде де жалғасып жатыр. Қаңтар айының соңында халықаралық нарықта алтынның бір троя унциясының құны алғаш рет 5000 долларлық межеден асып, кейін 5200 долларға дейін көтерілді. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Сарапшылар алтынның қымбаттауын бірнеше факторлармен байланыстырады. Олардың қатарында АҚШ долларының әлсіреуі, халықаралық геосаяси жағдайдың ушығуы және әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың күшеюі бар. Осындай кезеңдерде инвесторлар тәуекелі төмен актив ретінде алтынға көбірек бет бұратыны белгілі.

Қаңтар айының өзінде алтынның әлемдік бағасы шамамен 20 пайызға өссе, бір аптаның ішінде бұл өсім 5 пайыздан асып түскен. Мұндай серпін алдағы уақытта да бағалы металдарға деген сұраныстың жоғары болуын жоққа шығармайды.