Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2026 жылы жұмыс күші санының 0,25%-ы деңгейінде белгіленбек

Автор barbang info
1 просмотры

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын айқындау туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжаттың мазмұны «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жобада көрсетілгендей, жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар арқылы берілетін рұқсаттар негізінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің квотасы республикадағы жалпы жұмыс күші санының 0,25%-ы көлемінде белгіленуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, елімізге еңбек қызметі үшін келетін шетел азаматтарының жалпы санын реттеу мақсатында жеке тұлғаларға еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота жұмыс күші санының 2,9%-ы деңгейінде белгілеу ұсынылған.

Бұйрық жобасы 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауда болады. Осы мерзім ішінде азаматтар мен ұйымдар ұсыныстарын енгізе алады.

Комментарии