Шымкентте Республика күніне арналған армрестлинг жарысы өтті

Автор Асан Джалилов
8 просмотры

Шымкент. 2025 жылғы 26 қазан. Barbang Info – Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алаңында «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исмат Сүлеймановтың ұйымдастыруымен Республика күніне арналған спорттық шара – армрестлинг жарысы өтті.
Бұл мерекелік жарыстың мақсаты – ел бірлігі мен патриоттық рухты нығайту, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарысқа елімізге танымал армрестлинг шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спортшылар қатысты. Олардың қатарында Арман Рахманқұлов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері; Бекзат Есенбай – әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері, Азия және Қазақстан чемпионы; Мұхаммад Зайрахмед – Әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы, үш мәрте Азия чемпионы; Мажжан Шаймерден – Азия кубогының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы; және Батырхан Рызманов – екі дүркін ел чемпионы, Азия кубогының жеңімпазы бар. Белгілі спортшылар жарысқа қатысушыларға ізгі лебіздерін білдіріп, мұндай іс-шаралардың жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ олар төреші және кеңесші ретінде жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Жарыс барысында әртүрлі салмақ дәрежесіндегі ерлер мен қыздар арасында үздіктер анықталып, жеңімпаздарға медальдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

Комментарии