ТМД-мен тауар айналымыз $37,3 млрд болды

Автор Асан Джалилов

Алматы. 29 қыркүйек 2025 жыл. Barbang Info – Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасындағы жалпы тауар айналымы $37,3 млрд құрады.

Үкімет басшыларының кеңейтілген форматтағы кездесулерінде экономикалық ынтымақтастықты күшейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, ішкі сауда мен қызмет көрсету салаларын кеңейту, сондай-ақ транзиттік тасымал инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды.

Бектенов ТМД кеңістігіндегі өзара сауданың соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтіп, цифрлық трансформация мен жасанды интеллект бағыттарындағы серіктестікті кеңейтуге шақырды.

Оның айтуынша, бұл жобалар өңірлік интеграцияның тиімділігін арттырып, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Комментарии