Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде көш бастап тұр

Автор Асан Джалилов
28 просмотры

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша рейтингтің бірінші сатысында қалып отыр. Осылайша ол ұйымдағы чемпиондық мәртебесін сақтап қалды.

Кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (12 нокаут) қазақстандық боксшы өз салмағында көш бастап тұр.

Сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) мельдоний затына байланысты допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін Жәнібек Әлімханұлын бір жыл мерзімге жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Шектеу мерзімі осы жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ұйым шешіміне сәйкес, боксшының чемпиондық атағы сақталып қалды. Ал шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін ол уақытша чемпионмен міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBO рейтингінде бір сатыға көтеріліп, супер орта салмақта 14-орынға орналасты.