Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енгізілді. Бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық спортшы, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет. ҰОК таратқан ақпаратта Головкиннің әуесқой бокстағы алғашқы қадамдарынан бастап, XXI ғасырдағы орта салмақтың ең мықты чемпиондарының біріне айналған жолы ерекше атап өтіледі. Оның кәсіби мансабы әлемдік …
Қазақ тілі
Қазақстанда жоғары білім саласындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижесінде ондаған жалған диплом анықталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 46 жалған құжат және оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс тіркелген. Министрлік бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, дипломдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы деректер базасының қалыптасқанын хабарлады. 1991 …
Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жас спортшысы Тамерлан Тілеулес қола жүлдегер атанды. Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыстың жартылай финалына дейін сенімді жетті. Шешуші кезеңде Тілеулес түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына жол берді. Нәтижесінде ол құрлықтық додада …
Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских жастар арасында борыштық жүктеменің артуына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының шағын несиелерді тым оңай және жылдам рәсімдеуі жастарды қарызға тәуелді ететін қауіпті тенденцияға айналып отыр. Сенатор жастардың көбіне агрессивті жарнаманың ықпалына түсіп, жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие алып жатқанын атап өтті. Алайда салалық агенттіктер …
Отбасы тәлімі: мәдениетті ана мен парасатты әкенің ұлт болашағын қалыптастырудағы рөлі
Отбасы – қоғамның түп қазығы. Ал оның беріктігі мен рухани қуаты ең әуелі ата-ананың көрегендігі мен тәрбиесіне байланысты. Халықтың «Қандай ана – сондай бала» деуі де осы ақиқатты меңзейді. Мәдениетті ана – тек сауатты жан ғана емес, ол жүрегі мейірімге толы, сөзінен парасат есіп тұратын, рухани әлемі бай тұлға. Бала …
Қазақстанның әйгілі философы, диалектикалық логика мектебінің негізін қалаушы, ұлт гуманитарлық ғылымының көрнекті өкілі Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 93 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды қоғам қайраткері Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі жазбасында жеткізді. Оның айтуынша, ғалым жақындарының қамқорлығымен Ыстамбұлда ем қабылдаған. Жерлеу рәсімі 5 желтоқсанда Астанадағы жаңа мешітте өтеді. Жабайхан Әбділдин – кеңестік …
Қазақстанда түрлі ауруларға шалдыққан және мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 117 мыңға жетті. Оның ішінде 14 мыңға жуық бала аутизм спектрі бұзылыстарымен тіркелген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжілістегі отырыс барысында айтты. Вице-премьердің дерегінше, елімізде жалпы 6,8 миллион бала бар. Арнайы қолдауды қажет ететін балаларға медициналық және оңалту көмегін Денсаулық …
Жаңа жыл алдында әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтіледі, бағаны бақылау күшейеді
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыруға арналған кеңес өтіп, онда азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында қараша айында атқарылған шаралар және желтоқсанға жоспарланған жұмыстар талқыланды. Министрліктің мәліметінше, қарашаның алғашқы үш аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0 пайыздық өсім көрсеткен. Алайда желтоқсан айында дәстүрлі түрде …
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаевпен және Қазақстан күрдтері «Барбанг» қауымдастығы жастар қанатының белсендісі Р. Абдуллаевпен кездесті. Қоғамдық келісім саласындағы жастар бастамаларын цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Кездесу барысында «Digital Assembly» жобасының даму бағыты қарастырылып, оның …
Министр Жұлдыз Сүлейменова мектеп пәндерін біріктіру бастамасына қатысты пікір білдірді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде бірнеше пәнді бір пәнге біріктіру жөніндегі ұсынысқа байланысты өз ұстанымын жариялады. Министрлікке қарасты талқылау барысында ол бұл мәселені қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы жүктеген негізгі міндет — оқушылардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету. Сондықтан пәндерді біріктіру бастамасы жан-жақты сараптауды қажет …