Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Олимпиада алтын медалін иеленді
Қазақ тілі
Соңғы уақытта банктер қарыз алушыларға несиені қайта қаржыландыру қызметін жиі ұсына бастады. Мұндай ұсыныстар мобильді қосымшалар, SMS хабарламалар немесе банк қызметкерлерінің кеңестері арқылы беріледі. Алайда көптеген азаматтар бұл қаржылық құралдың нақты мәнін толық түсіне бермейді. Қайта қаржыландыру дегеніміз – бұрын алынған бір немесе бірнеше несиені жабу үшін жаңа несие рәсімдеу. …
Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігіне жаңа кепілдіктер енгізілді
Денсаулық сақтау министрлігінде AQNIET, SENIM, QazMed кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және «Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» жұмыс берушілер бірлестігі қатысуымен 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойылды. Құжат медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек жағдайларын жақсартуға және саладағы әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған. Министрлік мәліметінше, келісім денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-еңбек …
Қазақстандық спортшы Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, құрлық чемпионы атанды. Отандасымыз бессайыс бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, қытайлық қарсыластарын артта қалдырды. Жарыс қорытындысы бойынша Алина Чистякова 4181 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Екінші орынды Қытай спортшысы Сюй Цзяхуань 4091 …
Шағын бизнеске жаңа талаптар ұсынылды: мемлекеттік қолдау мен отандық өнімге басымдық күшейтілмек
Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 20 ақпанға дейін талқыланады. Ұсынылып отырған түзетулер шағын және орта бизнесті нақты қолдауды күшейтіп, қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған. Жоба аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер …
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды мәдени іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде ұйымдастырылды. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Мәдениет күндері аясында ол …
Қазақстанда бүгінде 88 елден келген 35 мыңнан астам шетелдік студент жоғары білім алып жатыр. Бұл көрсеткіш елдің халықаралық білім беру кеңістігіндегі тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттер саны бір жыл ішінде шамамен 11 пайызға өскен. Бұл өсім отандық …
Вокзалдарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметі енгізілді
Қазақстанда теміржол вокзалдарында мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды. Бұл сервис сапар кезінде арнайы көмекке мұқтаж азаматтарды автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ вокзал аумағында толық сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін өтінім теміржол билетін сатып алу барысында алдын ала рәсімделеді. Ол үшін жолаушы bilet.railways.kz сайты …
Қазақстанда әкелердің бала күтіміне байланысты алған демалысы зейнетақы тағайындау барысында еңбек өтіліне есептелетін болады. Бұл туралы 4 ақпанда Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа норма әлеуметтік саясаттағы өзгерістердің бір бөлігі ретінде енгізіліп отыр. Қабылданған заңға сәйкес, кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелер үшін жасына байланысты …