Бизнесмен «Кайрат» футболшыларына автокөлік сыйламақшы

Автор Бакыт Кулманов

Кәсіпкер Турсынғали Алагузов 30 қыркүйекте өтетін «Кайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матчта алматылық клуб жеңіске жетсе, әр ойыншыға бір-бір автокөлік сыйлауға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен республика патриоты ретінде және туған күнім қарсаңында команда жеңіске жетсе, алаңға шыққан барлық ойыншыға автокөлік сыйлаймын деп уәде етемін. Алматы — әлем астанасы, «Кайрат» — чемпион!» — деді кәсіпкер.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы бұл кездесу ерекше қызығушылық тудырып отыр. Себебі алматылық команда алғаш рет өз алаңында Еуропаның ең мықты клубтарының бірін қабылдамақ.

Комментарии