5
Икер Касильяс пікірінше, 18 жастағы Ламин Ямаль бүгінгі күні басты үміткердің бірі.
– Егер ол биыл жеңіске жетпесе, болашақта міндетті түрде «Алтын доп» иегері атанады, – деді Касильяс.
Үміткерлердің жетістіктері
Усман Дембеле:
- Франция чемпионатын ұтты.
- Франция кубогында жеңіске жетті.
- Чемпиондар лигасында топ жарды.
Ламин Ямаль:
- Испания біріншілігінде жеңіске жетті.
- Испания кубогын иеленді.
- Испания Суперкубогында жеңімпаз атанды.
«Алтын доп» жайлы деректер
- «Алтын доп» – футбол әлеміндегі ең беделді жеке марапат. 1956 жылдан бастап беріледі.
- Алғашқы иегері – Стэнли Мэтьюз (Англия).
- Ең көп иеленген ойыншы – Лионель Месси (8 рет).
- Жеңімпазды спорт журналистері дауыс беру арқылы анықтайды.
- 2025 жылғы марапаттау рәсімі қыркүйектің 22-сі күні Париждегі Шатле театрында өтеді.