Бішкекте бес рет көк ту көтерілді: қазақстандық зілтеміршілердің жарқын жеңісі

Автор Асан Джалилов
39 просмотры

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен ауыр атлетикадан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 5 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 алтын және 1 күміс жүлде бар.

Турнир барысында қазақстандық зілтеміршілер бірқатар салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың басты фавориттері екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, Ақмолда Сайрамкез (65 кг дейін), Аянат Жұмағали (77 кг дейін), Сания Орманбаева (86 кг дейін) және Ақерке Байманап (86 кг жоғары) барлық бәсекелестерін артта қалдырып, алтын медаль иеленді.

Ал Марта Давлетиярова (77 кг дейін) күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Бұл нәтиже қазақстандық ауыр атлетика мектебінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетіп, ұлттық құраманың алдағы жарыстар алдындағы сенімін арттырды.

Комментарии