Тараз қаласында Кемел Тоқаев атындағы VIII республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Салтанатты рәсімге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, белгілі жазушылар, құқық қорғау қызметінің ардагерлері, журналистер және қала тұрғындары қатысты.
Биылғы байқауға 70-тен аса туынды жолданды. Солардың ішінен 14 шығарма финалға өтіп, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды. Үздік деп танылған авторлар Жамбыл облыстық сотының арнайы жүлделерімен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Жеңімпаздар тізімі:
- Бас жүлде — Гүлден Жилькельдиева
- I орын — Айзада Кенжемолдаева
- II орын — Алдажар Әбілов
- II орын — Болай Бердиева
- III орын — Мирас Мұқаш
- III орын — Шернияз Жалғасбекұлы
- III орын — Бақыт Жәлиева
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты — детектив жанрын дамыту, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және әділдік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау.
