Қазақстан Еуропа елдеріне бару шарттарын жеңілдету бағытында нақты қадам жасап жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі визалық саясатты ырықтандыру және халықаралық іскерлік әрі көші-қон байланыстарын кеңейту бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан 39 елмен визасыз режим орнатқан. Ендігі басты назар — Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы …
жаңалықтар
2026 жылы Алматы спортшылары халықаралық деңгейдегі басты жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастап кетті. Соның ішінде ең маңыздысы – XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен Жазғы Азия ойындары. Алматы қаласының спорт басқармасы қазіргі таңда қала атынан Қысқы Олимпиадаға қатысуға 6 лицензия бар екенін хабарлады. Байрақты бәсеке 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Алматыдан Олимпиадаға …
Қазақстанда күмістің бағасы соңғы айларда айтарлықтай өсіп, экспорттық табыс ұлғайғанымен, өндіріс көлемі керісінше төмендеп келеді. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы күміске сұраныстың күшеюімен және өнеркәсіптік металдарға деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Алайда ел ішіндегі өндірістің бесінші жыл қатарынан қысқаруы бұл саладағы тұрақты мәселені айқын көрсетіп отыр. 2024 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда 697,5 …
ҚХА-ның жаңа жоспары: Президент бірлік пен патриотизмге басымдық беруді тапсырды
Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады. Кездесу барысында этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлікті сақтап қалу және жалпыұлттық бірегейлікті күшейтуге қатысты мәселелер талқыланды. Сергей Пономарев Президентке қауымдастықтың ел ішіндегі татулықты арттыру, жастарды отаншылдық рухында тәрбиелеу …
Жаңа мектептер – қолжетімді білім: 2025 жылы елде 162 білім ордасы пайдалануға берілді
2025 жылы Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, жыл қорытындысы бойынша 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 жаңа мектептің құрылысы толық аяқталды. Бұл қадам еліміздегі үшауысымды және апатты мектептер мәселесін жүйелі түрде шешуге, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, салынған мектептердің 112-сі …
Оңалту қызметтеріне сұраныс артты: портал арқылы 595 мыңнан астам қызмет көрсетілді
2025 жылы Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту қызметтерін белсенді пайдаланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бір жыл ішінде портал арқылы 595 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, бұл жүйенің әлеуметтік қолдаудағы маңызын айқын көрсетті. Жыл басынан бері портал арқылы барлығы 595,6 мың тапсырыс орындалған. Оның ішінде …
Қазақ руханиятының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғалардың бірі — Қайым Мұқамедханов. Биыл көрнекті әдебиеттанушы, абайтанушы ғалым, текстолог, драматург және қоғам қайраткерінің туғанына 110 жыл толып отыр. Бұл мерейтой — бір ғана ғалымның емес, тұтас ұлттық ой-сананың, тарихи әділет пен рухани сабақтастықтың мерекесі. Қайым Мұқамедханов ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті мен …
Юсуф Ашрапов Түркиядағы турнирде жеңіске жетті: қазақстандық балуандар жүлдесіз қалған жоқ
Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық грек-рим күресі шеберлері табысты өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама бір алтын және екі қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол …
Қазақстан автоөндірісі рекорд жаңартты: бір жылда 170 мыңнан астам көлік шығарылды
2025 жылы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі өз тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Елдегі зауыттар бір жыл ішінде 171 мыңнан астам көлік құралын шығарып, сала дамуының жаңа кезеңіне өткенін көрсетті. Бұл нәтижелер отандық машина жасаудың өңдеу өнеркәсібіндегі рөлін айқындай түсті. «Қазақстанның Автокөлік одағының» мәліметінше, 2025 жылы жеңіл автомобильдер, автобустар мен жүк …
«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылы кәмелетке толатын жастарға қаражат қалай есептеледі
Қазақстанда іске асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2026 жылы да жалғасады және сол жылы 18 жасқа толатын балалар да бұл бастаманың қатысушысы болып қала береді. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ресми түсініктеме берді. БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 31 желтоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын …