Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» Ассоциациясы жанындағы Ғылым және білім комитетінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Экономика институты секторының меңгерушісі Жасым Османов Италияның Рим қаласында өткен Халықаралық тұрақты даму конференциясына қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Ғалымның баяндамасы «Қазақстанның мұнай-газ саласында парниктік газдар шығарындыларын азайту сценарийлері және экономикалық …
Қазақ тілі
2025 жылғы 20 қыркүйекте Түркістан облысының Сайрам ауданында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясының Түркістан облыстық филиалы төрағасы А. Надировтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараны Г. Надирова жүргізді. Өз сөзінде ол Тілдер күнінің маңыздылығына тоқталып, мерекенің қоғамдық келісімді нығайтудағы және мәдениетаралық диалогты дамытудағы рөлін ерекше …
2025 жылғы 20 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің 35 жылдығына арналған неміс мәдениетінің фестивалі өтті. Бұл айтулы шараға Шымкент қалалық «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігі де зор құрметпен және достық ниетпен қатысты. Фестиваль Қазақстандағы этностардың бірлігі мен мәдени байлығын паш еткен …
Астана. 16 қыркүйек 2025 жыл. Barbang Info – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Академиясының модульдік оқыту бағдарламасының ашылуына орай этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиында этносаралық қатынастар саласындағы заманауи үрдістер, Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді ақпараттық тұрғыда түсіндіру жолдары, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылыққа әсер …
«Тіл – ұлттың дәнекері»: Түйетас ауылында Тілдер мерекесіне арналған әдеби кеш өтті
Алматы. 11 қыркүйек. Barbang Info – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Түйетас ауылындағы Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Шараға орыс тілі пәнінің мұғалімі Маханбет Флид ұйытқы болды. Кешке мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Рысалиева, тілдер орталығының төрағасы А. Адасбекова, Ақжар …