Оқу-ағарту министрлігі Астанада «Жеке мекеме «Математика тіл мектебі» негізгі орта білім бойынша лицензиясыз қызмет көрсеткенін анықтап, оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияларды Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері береді. Тексеру қорытындысы бойынша аталған мектептің «Бастауыш білім» (1–4 сыныптар) бағыты бойынша …
Қазақ тілі
14–15 қараша күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады. Сапар барысында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екі елдің ұзақ мерзімді серіктестігіне жаңа серпін беретін бірқатар маңызды жобаны іске қосады. Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы өтеді. Кездесуде сауда-экономикалық …
Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымы мен «Мәміле» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз елдің тірегі – көшбасшы жастар» атты дебат турнирі өз мәресіне жетті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және азаматтық белсенділікті арттыру. Сонымен қатар пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру, шешендік …
Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) өзінің 66 жылдығын атап өтуде. Ұйым 1959 жылғы 12–14 қараша күндері өткен Қазақстан журналистерінің бірінші съезінде құрылған. Кейін 2001 жылы сәуір айында қайта тіркелді. Қазақстан Журналистер одағының тарихы өткен ғасырдың 1920-жылдарынан бастау алады. Тұңғыш съезд барысында «Баспасөз туралы» баяндама жасалып, баспасөздің міндеттері мен бағыттары айқындалған еді. …
Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан мылтық және тапаншадан ату бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы 50 метр қашықтыққа үш қалыптан ату сайысында командалық есепте қола медаль жеңіп алды. Бұл жөнінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Чемпионат 2025 жылғы 6–18 қараша аралығында Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) қолдауымен өтуде. …
Барзани Набиев: Жұмысшы мамандықтарын дамыту – Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік интеграциясының кілті
Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында, екі ел президенттерінің қатысуымен Орал қаласында Қазақстан–Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстандағы күрдтердің «Барбанг» республикалық қауымдастығы Халықаралық байланыстар кеңесінің төрағасы, Кеңестің қазақстандық бөлігінің тең төрағасы Барзани Набиев қатысты. Өз сөзінде Барзани Набиев Қазақстан–Ресей Іскерлік кеңесінің қызметі экономикалық әріптестікті нығайту және мемлекеттік …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесу барысында ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің қорытындысы мен 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Әлихан Смайыловтың мәліметінше, есепті кезеңде мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізген. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22,8 …
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 5 қарашада №1081 Жарлыққа қол қойып, «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын» бекітті. Бұл тарихи құжат еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Елдің ішкі саясаты мен мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылын жаңаша деңгейге көтеруді мақсат еткен Жарлық қоғамның тұтастығы …
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан күрдтерінің республикалық «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Азиз Алиевтің қатысуымен этномәдени бірлестіктердің белсенділерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау, этносаралық қатынастарды дамыту және Ассамблея қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау болды. Іс-шарада Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы …
«30 қайырымды іс»: Шымкенттегі «Барбанг» қауымдастығы балаларға қамқорлық көрсетті
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» жалпыұлттық жобасы аясында игі іс-шара өтті. Іс-шараны Республикалық «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды. Шара барысында қаладағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» қажетті тұрмыстық заттар мен сыйлықтар табыс етілді. Бұл бастаманың мақсаты — балаларға қамқорлық көрсету, …