Әлемдік мұнай-химия нарығы соңғы онжылдықтардағы ең күрделі бетбұрыстың бірін бастан өткеріп жатыр. Көптеген жетекші компаниялардың табысы төмендеп, полимерлік өндірістің негізгі буыны саналатын этилен өндірісінің жүктемесі соңғы қырық жылдағы ең минималды деңгейге түсті. Бұл туралы Kazinform хабарлайды. Саланың дағдарысқа ұшырауының басты себептерінің бірі – өндірістік қуаттың шамадан тыс артуы. Соңғы жылдары …
Қазақ тілі
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі азық-түлік бағасының өзгеруіне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Қазақстанда күнделікті көп тұтынылатын 29 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар, ал жалпы азық-түлік себетіне 160 атау кіреді. Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының айтарлықтай өспегенін атап …
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы атысты тоқтатуға қатысты қарарын қолдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 2803 (2025) қарарын қолдайтынын мәлімдеді. Аталған құжат Газадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған кешенді жоспарды қамтиды. Министрлік өз мәлімдемесінде бұл қарардың қабылдануын Таяу Шығыстағы күрделі жағдайды тұрақтандыруға жасалған маңызды қадам ретінде бағалап, оны қабылдауға ықпал еткен мемлекеттердің, соның ішінде Америка Құрама Штаттары …
2025 жылдың басынан бері Қазақстанға 13 202 этникалық қазақ оралып, ресми түрде қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 1991 жылдан бері тарихи отанына 1 млн 161,2 мың этникалық қазақ көшіп келген. Жыл басынан бері келген қандастардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары (45,6%). …
Қазақстанда қазан айының қорытындысы бойынша инфляциялық ахуал әркелкі өрбіді. Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 12,6%-ға жетіп, қыркүйектегі 12,9%-бен салыстырғанда сәл төмендегенімен, бірқатар өңірлерде баға өсімі керісінше жеделдеген. Ел бойынша 10 өңірде инфляция деңгейі баяуласа, алты облыста баға өсуінің қарқыны артқан, ал төрт өңірде көрсеткіш өзгеріссіз қалған. Азық-түлік тауарлары қазан айында …
1930-жылдардың ортасы Кеңес Одағын күйзелткен ең күрделі кезеңдердің бірі болды. Индустрияландыру мен күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясаты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігін күйретті. Нәтижесінде елді алапат ашаршылық жайлап, 8 миллионнан астам адам өмірден өтті. Халықтың тұрмысы төмендеп, әлеуметтік ахуал күрт нашарлады. Ал әлемдік саяси сахнада да жағдай ушығып, Германияда билікке келген …
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады. Ресми деректерге сәйкес, аталған кезеңде еліміздің экспорты 57,5 млрд долларды құрап, сыртқы сауданың басым бөлігін қамтамасыз етті. Қазақстан өнімдерінің негізгі импортер елдері қатарында Италия (21%), Қытай (18,8%), Ресей (10,3%), Нидерланд …
Эстония Президенті: «Қазақстан білім беру саласында айтарлықтай прогреске қол жеткізді»
Мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген Эстония Республикасының президенті, профессор Алар Карис Nazarbayev University-ге арнайы барып, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Times Higher Education рейтингінде Орталық Азия мен Кавказдың жетекші университеті ретінде танылған оқу орнында Эстония басшысы мен делегациясын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және NU …
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұрған отандасымыз еркін бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдегер атанды. Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 251,09 ұпай жинап, турнирдің екінші сатысына көтерілді. Бірінші орын француз …
Мексика астанасы Мехикода мыңдаған тұрғын зорлық сипатындағы қылмыстардың күшеюіне және президент Клаудия Шейнбаум басқаруына қарсы бейбіт шеруге шықты. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады. Наразылық акциясын Z буынының белсенді жастары ұйымдастырған. Оларды атышулы қылмыстық оқиғаларға қарсы шыққан азаматтар қолдады. Соңғы резонанстық оқиғалардың бірі — Уруапан қаласының мэрі Карлос Манзоның …