Биыл АҚШ долларының бағамы шамамен 553 теңге деңгейіне жетуі ықтимал
Экономика
Соңғы уақытта банктер қарыз алушыларға несиені қайта қаржыландыру қызметін жиі ұсына бастады. Мұндай ұсыныстар мобильді қосымшалар, SMS хабарламалар немесе банк қызметкерлерінің кеңестері арқылы беріледі. Алайда көптеген азаматтар бұл қаржылық құралдың нақты мәнін толық түсіне бермейді. Қайта қаржыландыру дегеніміз – бұрын алынған бір немесе бірнеше несиені жабу үшін жаңа несие рәсімдеу. …
Шағын бизнеске жаңа талаптар ұсынылды: мемлекеттік қолдау мен отандық өнімге басымдық күшейтілмек
Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 20 ақпанға дейін талқыланады. Ұсынылып отырған түзетулер шағын және орта бизнесті нақты қолдауды күшейтіп, қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған. Жоба аясында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер …
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге деген сұраныс сақталып отыр. 2026 жылы жеңіл автокөліктерді импорттау және кедендік рәсімдеу тәртібі түбегейлі өзгерген жоқ, алайда төленетін алымдар мен талаптарды алдын ала білу көлік құнын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді. Автокөлік импорттау кезінде кедендік тарифтер, салықтар және тіркеуге дейінгі міндетті рәсімдер кешенді түрде ескерілуі тиіс. Қолданыстағы …
Қаңтар айында бағалы металдар нарығында өсім қайта байқалып, Қазақстанда алтын бағасы айтарлықтай қымбаттады. Қазіргі таңда ел ішінде алтынның бір граммы 82 164,45 теңгеге бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш 2026 жылдың басындағы деңгеймен салыстырғанда едәуір жоғары, сол кезде бағалы металдың бір грамы 71 300,21 теңге болған. Алтын бағасының өсуі тек ішкі нарықпен …
Қазақстан соңғы жиырма жылда алтын резервтерін айтарлықтай арттырып, әлем бойынша ең жоғары өсім көрсеткен елдердің қатарынан көрінді. 2000–2024 жылдар аралығында елдің алтын қоры шамамен 227 тоннаға ұлғайып, таза өсім көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 6-орынға тұрақтады. Шетелдік сараптамалық деректерге сүйенсек, алтын қорын ең көп көбейткен мемлекеттер тізімінде Қазақстан Ресей, Қытай, …
Үкімет жаңа жыл басталғалы елдегі инфляцияны тұрақтандыру тетіктерін күшейтіп, азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған бірқатар нақты қадамды талқылады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылау, қордан сату және өндірушілермен келісім жасау сияқты шаралар күн тәртібіне шықты. Сауда және интеграция бірінші …
Қазақстанда күмістің бағасы соңғы айларда айтарлықтай өсіп, экспорттық табыс ұлғайғанымен, өндіріс көлемі керісінше төмендеп келеді. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы күміске сұраныстың күшеюімен және өнеркәсіптік металдарға деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Алайда ел ішіндегі өндірістің бесінші жыл қатарынан қысқаруы бұл саладағы тұрақты мәселені айқын көрсетіп отыр. 2024 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда 697,5 …
Қазақстан автоөндірісі рекорд жаңартты: бір жылда 170 мыңнан астам көлік шығарылды
2025 жылы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі өз тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Елдегі зауыттар бір жыл ішінде 171 мыңнан астам көлік құралын шығарып, сала дамуының жаңа кезеңіне өткенін көрсетті. Бұл нәтижелер отандық машина жасаудың өңдеу өнеркәсібіндегі рөлін айқындай түсті. «Қазақстанның Автокөлік одағының» мәліметінше, 2025 жылы жеңіл автомобильдер, автобустар мен жүк …
«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылы кәмелетке толатын жастарға қаражат қалай есептеледі
Қазақстанда іске асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2026 жылы да жалғасады және сол жылы 18 жасқа толатын балалар да бұл бастаманың қатысушысы болып қала береді. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ресми түсініктеме берді. БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 31 желтоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын …