Қазақстанда аналық мал басын экспорттауға уақытша тыйым енгізілді

Автор Асан Джалилов
10 просмотры

Алматы. 10 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығында жарияланды. Құжатқа сәйкес, шектеу Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының 0102 және 0104 кодтарына сәйкес келетін мал түрлеріне қатысты болады. Яғни, бұл тыйым ірі қара мен қой-ешкі тұқымдарының аналық мал басына қолданылады. Министрліктердің мәліметінше, шешім елдегі мал шаруашылығының генетикалық қорын сақтауға, сондай-ақ ішкі нарықты мал басымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл шара мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетіп, экспорттық әлеуетті теңгерімді дамытуға мүмкіндік береді. Бұйрық 2025 жылғы 11 қазаннан бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Комментарии