Қазақстан әйелдер құрамасы оқ атудан әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Автор Асан Джалилов
3 просмотры

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан мылтық және тапаншадан ату бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы 50 метр қашықтыққа үш қалыптан ату сайысында командалық есепте қола медаль жеңіп алды.

Бұл жөнінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпионат 2025 жылғы 6–18 қараша аралығында Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) қолдауымен өтуде.

Қазақстан құрамасының сапында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті.
Министрліктің мәліметінше, биылғы әлем біріншілігіне 71 елден 697 спортшы қатысып жатыр.

«Қазақстан құрамасын ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың нәтижесі бойынша іріктеуден өткен елдің 15 үздік мергені таныстырады», — делінген хабарламада.

Комментарии