Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-придің қысқа бағдарламасында үздік үштікке енді

Автор Асан Джалилов
11 просмотры

Астана. 2025 жылғы 24 қазан. Barbang Info – Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды. Бұл жарыста Қазақстан атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, спортшы қысқа бағдарламада 88,33 ұпай жинап, аралық қорытынды бойынша үшінші орынға тұрақтады. Қазіргі есеп бойынша жапон спортшысы Шун Сато 94,13 ұпаймен көш бастап тұр, ал италиялық Даниэль Грааль 90,42 ұпаймен екінші орында келеді. Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қазан күні өтеді.

Комментарии