5
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров UFC 319 турнирінде чемпион атанған Хамзат Чимаевқа Maybach автокөлігін сыйға тартты.
Чимаев Оңтүстік Африкалық Дрикус ду Плесси үстінен төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, UFC орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Бұл оның кәсіби мансабындағы 15-ші жекпе-жегі және 15-ші жеңісі болды. Ол UFC тарихында жеңіліссіз чемпион атанған санаулы спортшылардың бірі болды.
Қадыров бұл жеңісті Чешен халқы үшін үлкен мақтаныш деп бағалап, Чимаевтың жетістігін жоғары бағалады.