Жас ғалымдарға 600-ден астам пәтер берілді

Автор Асан Джалилов
39 просмотры

Қазақстанда жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары жүздеген жас зерттеуші баспанамен қамтылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдарына арналған тұрғын үй беру тетіктері іске қосылған. Осы мақсатта 2023 жылдың 19 қазанында министрлік пен Отбасы банк арасында 2023–2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2023–2026 жылдар аралығында 601 жас ғалымға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде 483 пәтер жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы берілсе, тағы 118 пәтер Алматы және Астана қалаларында өтеусіз негізде ұсынылған.

Министрлік мұндай қолдау шаралары ғылым саласында еңбек ететін жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, олардың ғылыми зерттеулермен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретінін атап өтті.