12
Астана. 16 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 20–21 қазан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында мемлекет басшыларының қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысына және Қазақстан–Әзербайжан бизнес форумына қатысады деп жоспарлануда.